«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 200 қаулысымен
бекітілген
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Салық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту - салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару - салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін (бұдан әрі - ҚҚС куәлігі) ауыстыру - үш жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ҚҚС куәлігін беру;
2) ҚҚС куәлігін ауыстыру;
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару;
Документ утратил силу
Демо – версия документа