(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 12.11.2008 № 689 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
(2010.12.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 108-құжат; № 44, 422-құжат; 1997 ж., № 2, 19-құжат; 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24 ж., 268-құжат):
Жарлықтың атауындағы «оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені» деген сөздер «ол туралы Ережені» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Президент Кеңсесі жүзеге асырады.»;
2) «Қазақстан Республикасының Заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі № 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 267-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтағы «Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі» деген сөздер «Жалпы бөлім» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне» деген сөздер «Жалпы бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа