«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
халықаралық техникалық байқау сертификатын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа