«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысына
бекітілген
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа