(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУД...
Осы редакция 2014 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың
ережесi
(2013.08.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен бүкіл мәтіндегі «жұмыссыздар», «жұмыссыздарға», «жұмыссыздарды», «жұмыссыздардың», «жұмыссыз» деген сөздерден кейін «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкер» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Осы Ереже жұмыссыздар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер», «, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2013.08.11. № 1188 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1026 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа