«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына 4-қосымша) (2014.19.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 37 бұйрығына
4-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың
филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген толықтырулармен)
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы;
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа