«Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 142 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
«Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elіcense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа