Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1999 Ж. 5 СӘУІРДЕГІ № 365-I ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы
1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.

 

 

1-тарау Жалпы ережелер

 

ҚР 2001.01.19 № 145-II ; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға ақшалай төлем;

2) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган - жәрдемақы төлеуді жүзеге асыратын ұйым;

3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат

Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.

3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша төлеуді білдіреді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку