«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығына 5-қосымша) (2014.19.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
5-қосымша
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген толықтырулармен)
1. Осы «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызметі беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы және «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көзделген нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушінің рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы алу туралы сұрау салуды Орталыққа береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа