«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғандағы, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығына 4-қосымша) (2014.19.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
4-қосымша
«Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғандағы,
тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген толықтырулармен)
1. Осы «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызметі беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғандағы, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа