«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезінен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
жеделдетілген тәртіпте 1 (бір) не 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа