«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 208 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 208 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Шымкент қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әділет басқармасы», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) болып бөліну арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа