«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа