Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 175 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 наурыздағы

№ 175 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру,

 қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқаларын беру кезінде - екі жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку