«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетін;
Демо – версия документа