«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтауға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 684 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 136 қаулысымен
бекітілген
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және
нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтауға беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз
1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтауға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сақтауға беру объектісін депозитарийде тіркеу туралы анықтаманы беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа