Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 991 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2013 жылғы 28 тамыздағы

№ 523 бұйрығымен

бекітілген

 


Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу,
беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі
нұсқаулық


1. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға құжаттар беру

 

Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына сәйкес әзірленді және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою мәселелерін нақтылайды.

1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары жеке басты куәландыратын мынадай құжаттар береді:

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты (бұдан әрі - шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

2. Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 16 жасқа толған шетелдіктерге 10 жылға мерзімге, бірақ оның азаматтық алған елі паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку