Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 Бұйрығы

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 Бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1613), 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 196 (1), 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1632) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» деген 2-бөлімде:

«Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)» деген кіші бөлімде:

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық, стратегиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау қорытындылары бойынша берілген магистр академиялық дәрежесі, кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да және/немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар (магистратура немесе PhD докторантура) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;»;

«Профессор» деген кіші бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку