«Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекітілген
«Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында
орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификатты қағаз жеткізгіште беру;
2) порталда - электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
Документ утратил силу
Демо – версия документа