«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекітілген
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы шешім және қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігін беру;
2) порталда - пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді өткізу және пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігінің дайындығы туралы хабарлама.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа