«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы№ 1586 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі - электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Документ утратил силу
Демо – версия документа