Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1579 Қаулысы (күші жойылды)

«Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1579 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 42, 384-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері бекітілсін.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку