«Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 Қаулысы (күші жойылды)
«Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа