«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы (күші жойылды)
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
«Тізімде пайдаланылатын терминдердің анықтамалары» деген кіші бөлімде:
«Ұшу аппараты» (1, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу аппараттары» (1, 7, 9) - жылжымайтын қанаты, бұрылмалы қанаты (тікұшақ), айналмалы қанаты, бұрылмалы тірек бұрандасы немесе қанатының оқтай қалпы өзгермелі ұшу аппараттары.»;
«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) - бөлшектерден, жіптәріздес кристалдардан, талшықтардан немесе олардың кез келген комбинациясынан тұратын, белгілі бір мақсат немесе мақсаттар үшін әзірленген «матрица» және қосымша фаза немесе қосымша фазалар.»;
«Оқшаулау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқшаулау» (9) зымыран қозғалтқыштарының құрамдауыштары, яғни корпус, сопло, ауа сақтағыштары, корпустың бітеуіштері үшін қолданылады және құрамында оқшаулау және отқа төзімді материал бар вулканизацияланған немесе жартылай вулканизацияланған резеңке қоспаның пластинасын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныш оқшаулағышты немесе кернеуді төмендетуге арналған төсемді қамтуы мүмкін.»;
«Ішкі қаптау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа