Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.12 № 1343 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 1343 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу
қағидасы

 

1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы (бұдан әрі - Қағидасы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленген және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің лимиті көлемін ұлғайту рәсімдерін атқару тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз беруші алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

3. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлға (концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қатысушы, үздік деп танылған конкурстық өтінімі) концессиялық жобаның және концессия шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерліктерін беру үдерісіне қатысушыларының талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарастыру үшін талап ететін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

4. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлға концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, концессиялық өтінім сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку