Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.12 № 1343 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 1343 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
қағидасы

(2012.10.05. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

2. Қағида концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін анықтайды.

3. Алдағы орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде Тізбеге енгізілген объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс өткізіледі.

4. Мыналар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады:

1) республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік орган;

2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы.

5. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

 

2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты жариялауды ұйымдастыру тәртібі

 

6. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар бойынша ашық конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.

7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етеді.

8. Конкурстық құжаттаманың мазмұны және оны әлеуетті концессионерлерге беру шарттары, сондай-ақ әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптары Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес айқындалады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку