(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2008.10.12 № 100-IV ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
(2012.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қараңыз
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа