(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша
Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі
нұсқаулық
(2013.02.04. берілген өзгерістермен)
1. Ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке (оқуға) қабылданатын үміткерлерді зерделеуді және іріктеуді ІІО-ның кадр аппараты жүзеге асырады.
2. ІІО-ға қызметке іріктеу кезінде үміткерлердің іскерлік, жеке және моральдық қасиеттерінің қызметтік жұмыстың нақты учаскелерінде ІІО қызметкерлеріне қойылатын талаптарға неғұрлым сәйкес келуін анықтау іріктеудің негізгі мақсаты болып табылатынын ескеру қажет.
3. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІО кадр аппараттарына жүктеледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.02.04. № 220 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Азаматтар үшін жас ерекшеліктерін шектеу «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен айқындалады.
5. Медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген, кейінен әскери қызметке жарамды деп танылған немесе бұрын құқық қорғау органдарынан науқастануы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған үміткерді ІІО-ға қызметке ресімдеу кезінде үміткердің медициналық құжаттары міндетті түрде ІІМ-нің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының бекітуіне жіберіледі, оның қорытындысы ІІМ-нің кадр аппаратына жіберілетін бірінші арнаулы атақ беру немесе ІІМ-нің кадрына қабылдау ұсынымхатына қоса тігіледі. Қажет болған жағдайда денсаулық жағдайын анықтау үшін, сырттай медициналық куәландыру кезіндегі дауыл ахуал шықанда үміткерлер ІІМ-нің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына шақыртылады.
Редакция документа
Демо – версия документа