«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1173 Қаулысы (күші жойылды)
«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1173 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа