(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.28.01 № 72 ҚАЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті «Кентаукеніштарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 72 Қаулысы
(2008.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті «Кентаукеніштарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің «Кентау СуШар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа