(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 6 ШІЛДЕДЕГІ № 579 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 579 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қысқы спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бұқаралық спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа