(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.11 № 1154 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1154 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен», «Құтқарушы», «Көмір» әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі», «Кен» әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» (бұдан әрі - кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару жұмыстарын, сондай-ақ өрттерді сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды әрі төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстарды, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын орындау болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа