(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.12 № 1313 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, этносаралық қатынастарды мақсатты және жүйелі түрде зерттеу бойынша қажетті ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін дамыту және өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым және мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекен-жайында орналасқан «Достық үйінің» ғимаратын ондағы мүлікпен қоса кәсіпорынның жарғылық капиталына берсін.
Редакция документа
Демо – версия документа