(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.22.11 № 1150 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1150 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстік орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Мақтаарал ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
3. Кәсiпорынның жарғылық капиталы 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңгеге ұлғайтылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа