Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.24.08. № 871 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 871 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі» деген сөздер «Техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 230, 236-2, 236-5, 236-7, 236-10, 236-11, 236-15, 237-1, 237-1a 237-17-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку