(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.13.07 № 726 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 726 Қаулысы
(2010.09.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа