Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.26.01. № 64 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 64 қаулысы

(2005.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) «Қазқұрылысжүйесi» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi өндiрiстiк, азаматтық және жол құрылысы, құрылыс, әрлеу және қаптау материалдарын, сантехника өндiру, жобалау жұмыстары болып белгіленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:

ҚР Үкіметінің 2005.06.20. № 594  қаулысымен 1 тармақша өзгертілді

1) Қоғамның жарғылық капиталын Кәсiпорынның мүлкi есебiнен  107585000 (бір жүз жеті миллион бес жүз сексен бес мың)  теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;

2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку