«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада:
«Мазмұны» деген бөлімде:
1.1 -тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
1.3-тармақта:
үшінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздері»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы индикаторлар
Мыналарды:
1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылға қарағанда нақты мәнде кемінде
38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге;
2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
Демо – версия документа