(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.08.04 Ж. № 854 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 Қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа