(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.08.04 Ж. № 825 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 825 қаулысы
(2005.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.02.03 № 196 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Алматы қаласындағы органдарына шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесi және «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оларды жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қызмет-Сервис А» акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау деп анықтай отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн құрылатын Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа