(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 9 АҚПАНДАҒЫ № 151 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 151 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
Редакция документа
Демо – версия документа