(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.02.03 Ж. № 189 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік
кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 189 қаулысы
(2005.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.
Редакция документа
Демо – версия документа