(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1431 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы
(2005.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы;
2) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспалары тiркеу сынағынан, байқап тексеруден өткізу, сондай-ақ шағым болған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветдез» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою;
2) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау;
3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау болып белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа