Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 28 ҚАРАШАДАҒЫ № 1267 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысы

(2005.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 ҚР Үкіметінің 2005.06.04.  № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындар қайта аталсын:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы»;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы».

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі» деген бөлiмде:

реттiк нөмiрлерi 44-4, 44-5-жолдар алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi» деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөніндегі комитетi»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку