(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.07.02 Ж. № 839 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 шілдедегі № 839 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк білім беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) 12 жылдық білім берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
2) 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзy;
3) білім беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
Редакция документа
Демо – версия документа