Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 27 СӘУРДЕГІ № 479 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 сәуірдегі № 479 қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 4 маусымдағы № 756 және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулыларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы», «Теміржолмашжөндеу», «Локомотивжөндеу», «Вагонжөндеу», «Теміржолсужылужабдықтау», «Қазкөліксервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше «Жолаушылар тасымалы», «Теміржолмашжөндеу», «Локомотивжөндеу», «Вагонжөндеу», «Теміржолсужылужабдықтау», «Қазкөліксервис» ашық акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - Қоғамдар) етіп қайта құру жолымен жарғылық капиталдарына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдар қызметінің негізгі түрлері:

«Жолаушылар тасымалы» - жолаушыларды, жүкті, теңдеме жүкті тасымалдау;

«Теміржолмашжөндеу» - темір жол көлігінің және басқа да салалардың жылжымалы құрамын, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеудегі және жаңғыртудағы, қосалқы бөлшектер мен машина жасау өнімдерін дайындаудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

«Локомотивжөндеу» - темір жол көлігінің локомотивтерді және моторвагондарды жылжымалы құрамды, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеудегі және техникалық қызмет көрсетудегі, қосалқы бөлшектер дайындаудағы және қалпына келтірудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку