(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.22.10 № 1349 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алтын әскер» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қазандағы № 1349 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алтын әскер» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Казимпэкс» республикалық орталығы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп оны қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерін энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру деп айқындасын;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа