Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.08.08 № 1040 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегі № 654 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 тамыздағы № 1040 қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын таратуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін және «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жедел басқару құқығымен беруді қамтамасыз етсін.

2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку