(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.23.05 № 692 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Адамның үйлесімді дамуы институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 692 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Адамның үйлесімді дамуы институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
1) имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау әдістерін жасау және енгізу;
2) азаматтардың рухани және тән саулығына дәстүрлі емес әдістер ықпалының тәжірибесін зерделеу;
3) халықтың рухани және тән саулығын сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми сынақтан өткізу және енгізу.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа