Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ 2001.11.05 № 623 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды металлургия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 мамырдағы № 623 Қаулысы

(2004.28.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының білім саласына тікелей инвестицияларды тарту мақсатында және «Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды металлургия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Қарағанды металлургия институты» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:

металлургия саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;

металлургия саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу деп белгіленсін;

2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку